Маңғыстау облысының білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хатын негізге ала отырып, білім беру ұйымдарында тыйым салынған өнімдерді сатуға жол бермеу, оларды тұтынудың алдын алу мақсатында арнайы шаралар қабылдауды тапсырды.
Осыған орай, санитарлық талаптарды сақтау, оқушылардың дұрыс тамақтануын қалыптастыру, тыйым салынған тағамдардың (мысалы, газды сусындар, чипсы, тез дайындалатын өнімдер) орнына пайдалы азық-түліктерді тұтынуды насихаттау басты назарға алынып отыр.
Бүгін бастауыш сынып оқушысы Талғатқызы Сезім зиянды тағамдар туралы өз ойын білдіріп, олардың орнына пайдалы тағамдарды таңдаудың маңыздылығын көрсетті.
Балалар фастфуд, газдалған сусындар мен зиянды тәттілердің денсаулыққа кері әсерін айтып, оның орнына табиғи өнімдерді тұтыну керектігін ерекше атап өтті.