Колбаева Акмарал Сериковна

Колбаева Ақмарал Сериковна, 1975 жылы 05 қаңтарда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Сағыз станциясында дүниеге келдім.

1992 жылы Сағыз станциясындағы №74 орта мектепті бітірдім. 2002 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «Педагогика» факультетіне түсіп, 2007 жылы «Ақпараттық технологиялар оқытушысы» біліктілігін алдым.  1997-2003 жылдар аралығында Ш. Есенов атындағы университеттің есептеу орталығында «Есептеуіш техника операторы» болып қызмет атқардым. 2003-2008 жылдар аралығында Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин аулындағы Ж. Мыңбаев атындағы мектепте информатика пәні мұғалімі болып қызмет атқардым. 2009-2016 жылдар аралығында Форт-Шевченко қаласындағы Е. Өмірбаев атындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істедім.                    2015 жылы маусым айында «Информатика пәнінің жоғары санатты мұғалімі» санатын қорғадым. 2016-2020 жылдың маусым айына дейін Форт-Шевченко қаласындағы «Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатын» мемлекеттік мекемесінде мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болдым. 2018 жылы «Педагог-зерттеуші» санатын алдым. 2020 жылдың маусым айынан қазіргі күнге дейін аталған білім беру ұйымы директоры лауазымында қызмет атқарудамын.

Тұрмыстамын, екі ұл, екі қызым  бар.

 Мекенжайым: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы,                          Д. Тобышбаев көшесі, 26 үй