“Мақал - сөздің мәйегі”

“Педагогикалық шеберлік - білім мен іскерлік негізі” жобасы аясында “Самая вышка” тобының мүшесі, бастауыш сынып мұғалімі Молдабековна Жұмабибі 3 сыныптар арасында “Мақал сөздің мәйегі” атты сайыс ұйымдастырды.

Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларды халқымыздың бай мұрасымен таныстырып, мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру, сөз қадірін түсінуге, тіл байлығын дамытуға баулу.

Сайыс барысында балалар тапқырлықтары мен білімдерін көрсетіп, қызықты тапсырмалар арқылы өзара сынға түсті. Әрбір оқушының мақалдарды дұрыс түсініп, өмірмен байланыстыра білуі – олардың ұшқыр ойы мен сөз өнеріне деген құрметінің белгісі.

 

Категория: