Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатында «Ғылымға басқан алғашқы қадам» атты ғылыми жобалардың жеңімпаздары 8-сынып оқушысы Әби Алуа және 7-сынып оқушысы Ершора Тоғжанмен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері сұхбат жүргізді. Сұхбаттасу кезінде жеңімпаз Әби Алуа Манғыстаудың ақыны Нұрлан Мұсаевты қорғап 2-орын иеленсе, Ершора Тоғжан STEM жаратылыстану,технология және инженерия жобасын қорғап 2-орын алды. Жеңімпаздар қатысқан сайыстан алған әсерлері туралы, алдағы уақытта тағы да осындай жобаларға қатысқысы келетінін айтты. Сұхбаттасу соңында ақпараттық фракциясының оқушылары сұрақ - жауаппен алмасты.