Жаңалықтар

03/12/2025 - 11:25

Балалардың дұрыс тамақтануы – басты назарда!

Маңғыстау облысының білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хатын негізге ала отырып, білім беру ұйымдарында тыйым салынған өнімдерді сатуға жол бермеу, оларды тұтынудың алдын алу мақсатында арнайы шаралар қабылдауды тапсырды.

Категория: Жаңалықтар

03/12/2025 - 11:20

Оқушылар профилактикалық медициналық тексеруден өтті.

❇️ Қазіргі медицинада аурудың алдын алу – ең маңызды мәселелердің бірі. Осы мақсатта мектебімізде жыл сайын оқушылар профилактикалық медициналық тексеруден өтеді.
✅ Биыл да аудандық емхана арнайы мамандардан құралған топты жасақтап, оқушылардың денсаулығын тексерді. Бұл шара жасөспірімдердің денсаулығын бақылауда ұстауға және түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Категория: Жаңалықтар

03/12/2025 - 11:18

10 «Ә» сыныбының ата-аналарымен жиналыс өтті

❇️ 10 «Ә» сыныбының ата-аналарына «Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздікке құқық» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиында оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуы, олардың құқықтары мен еркіндігі, жауапкершілік мәселелері талқыланды.
✅ Ата-аналар балаларының саналы, еркін ойлайтын азамат болып қалыптасуы үшін қандай қолдау көрсету керектігі жөнінде маңызды ақпарат алды.

Категория: Жаңалықтар

03/12/2025 - 11:15

9 “Б” сыныбының ата-аналарына жиналыс өтті.

❇️ Бүгін 9 «Б» сыныбының ата-аналарына «Жасөспірімнің түсінік алу және қабылдау тәртібі» тақырыбында жиналыс өтті. 
❇️ Жиналыс барысында жасөспірімдердің ойлау ерекшеліктері, ақпаратты қабылдау тәсілдері және олардың мінез-құлқына әсер ететін факторлар талқыланды.
✅ Ата-аналар балаларының даму кезеңінде оларды қалай дұрыс қолдау керектігі жайында пайдалы ақпарат алды.

Категория: Жаңалықтар

03/12/2025 - 11:04

“Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі”

❇️ Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы – олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына ықпал етеді. 
❇️ Сонымен қатар бұл еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Ал тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, зат алмасу процесі бұзылып, ағзаның қорғаныш қабілеті төмендейді, түрлі ауруларға қарсы тұруы әлсірейді.

Категория: Жаңалықтар

03/12/2025 - 10:51

“Тамақтану мәдениеті: үстел басындағы тәртіп”

❇️ Жыл басында мектеп мейірбикесі Измайлова Роза оқушылармен асханадағы тәртіп пен дұрыс тамақтану мәдениеті жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізген еді. 
❇️ «Тамақтану режимі. Үстелдегі тәртіп ережелері” тақырыбында өткен кездесуде ол тамақты асықпай, мұқият шайнап жеу қажеттігін, дұрыс режимді сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. 

Категория: Жаңалықтар

02/12/2025 - 02:48

“Мақал - сөздің мәйегі”

“Педагогикалық шеберлік - білім мен іскерлік негізі” жобасы аясында “Самая вышка” тобының мүшесі, бастауыш сынып мұғалімі Молдабековна Жұмабибі 3 сыныптар арасында “Мақал сөздің мәйегі” атты сайыс ұйымдастырды.

Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларды халқымыздың бай мұрасымен таныстырып, мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру, сөз қадірін түсінуге, тіл байлығын дамытуға баулу.

Категория: Жаңалықтар

02/12/2025 - 02:38

Балалардың логикалық ойлауын дамыту – табысты болашақтың негізі

Бастауыш сынып жетекшісі Суюнова Орынгүл “Логикалық ойлауды үйрену” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.

Жиналыстың мақсаты – ата-аналармен бірлесе отырып, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын талқылау.

Категория: Жаңалықтар

02/12/2025 - 02:26

Lesson Study үдерісі: оқыту сапасын арттыру жолындағы қадамдар

❇️ Мектебімізде Lesson Study әдісі аясында зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл әдіс мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға және оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталған. 1 цикл қорытындысы бойынша консилиум өткізіліп, келесі цикл жалғасады.

Категория: Жаңалықтар

02/12/2025 - 02:11

“Robotek Grand Tournament”

❇️ Робототехникадан “Robotek Grand Tournament” чемпионатының облыстық кезеңінде  “Сұрыптаушы Робот” санаты бойынша Түпқараған аудандық Форт-Шевченко мектеп-лицейінің “Ақкетік” командасы 2 орынмен марапатталды.

✅ Жетекшісі: физика пәнінің мұғалімі Рауанұлы Раушанбек

Категория: Жаңалықтар