Отан қорғаушылар күніне орай Республикалық бірыңғай “Жас Қыран”

Отан қорғаушылар күніне орай Республикалық бірыңғай “Жас Қыран” , “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. Оқу озаттары мен мектеп белсенділері «Жас Ұлан» «Жас Қыран» қатарына қабылданған әр оқушыға жаңа міндеттер мен мақсаттарын түсіндіріп, өз Отанының нағыз патриоттары болуға шақырды. Асқақтата шырқалған әнұран әуенінің бастауымен аспан түстес көк галстуктері мойындарына тағылған әрбір ұйым мүшесінің бүгінгі күнгі естеліктерін мәңгі естеріне сақтайды деп сенеміз.Өйткені бұл күн – әр оқушыға елдік пен ерліктің, бірлік пен ынтымақтастықтың, шыншылдық пен адамгершілік қасиеттердің жауапкершілікпен ант беріп, қабылданған серттерінің куәсі болып табылмақ.
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданған оқушыларымызды құттықтаймыз!
 

Категория: