“Білім көпірі: оқушыдан студентке дейінгі жол”

❇️ 2025 жылдың 21 қаңтарында 11-сынып оқушылары мен өткен жылғы түлектер арасында кездесу кеші өтті. Шараның тақырыбы – “Білім көпірі: оқушыдан студентке дейінгі жол”.

✅ Кештің басты мақсаты – мектеп оқушыларын жоғары оқу орындарының студенттерімен таныстырып, олардың болашаққа деген жоспарлары мен армандарын тыңдау, сондай-ақ студенттердің тәжірибесін бөлісу болды.

❇️ Кездесуде өткен жылы университеттерге түскен түлектер студенттік өмірдің ерекшеліктері, оқу барысындағы қиындықтар мен жетістіктер, сондай-ақ, болашаққа деген көзқарастары туралы әңгімеледі. Олар оқушыларға университетке түсу жолдары, қабылдау емтихандары мен оқу үдерісі жайлы пайдалы ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер мектеп бітірушілерге мотивациялық кеңестер ұсынып, табысқа жету үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсіндірді.

❇️ Кеш барысында сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түлектермен еркін пікір алмасты. Жас түлектердің шынайы әңгімелері мен пайдалы кеңестері мектеп оқушыларына ерекше шабыт сыйлады.

 

Категория: