❇️ Мектебімізде Lesson Study әдісі аясында зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл әдіс мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға және оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталған. 1 цикл қорытындысы бойынша консилиум өткізіліп, келесі цикл жалғасады.
✅ Lesson Study мақсаты:
• Оқушылар арасында пікірталас тудыру;
• Сыни ойлау дағдыларын дамыту;
• Топтық және жұптық жұмысты тиімді қолдану;
• АКТ-ны тиімді пайдалану;
• Оқу және өзін-өзі тану дағдыларын жетілдіру.
✅ Lesson Study аясында жүргізіліп жатқан бағыттар:
1. Бірінші бағыт:
Тақырыбы: «Білім сапасын арттыру және пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек берудегі басымдықтарды шешу жолдары» (9 “В” сыныбы).
• Зерттелетін пәндер: Ағылшын тілі, Қазақ тілі, Алгебра.
• Зерттеуші топ құрамы:
• Абишова Ж. А. – бейін жұмыс жөніндегі орынбасар.
• Алпамысова Б. К. – оқу ісі жөніндегі орынбасар.
• Ниязова А. А. – орыс тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші.
• Жалғасбаева А. – қазақ тілі мұғалімі, педагог-сарапшы.
• Джаманбаева З. – ағылшын тілі мұғалімі, педагог-модератор.
2. Екінші бағыт:
Тақырыбы: «Пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек берудегі басымдықтарды шешу жолдары» (7 “Г” және “В” сыныптары).
• Зерттелетін пәндер: Тарих, Алгебра.
• Зерттеуші топ құрамы:
• Қолбаева А. С. – мектеп директоры, педагог-зерттеуші.
• Қартбаева К. С. – оқу ісі жөніндегі орынбасар, педагог-сарапшы.
• Енбаева Г. – технология пәні мұғалімі, педагог-сарапшы.
• Мансурова Г. С. – орыс тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші.
• Берішбаева А. Б. – бастауыш пәні мұғалімі, педагог-сарапшы.
Lesson Study барысында алынған нәтижелер мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға және оқушылардың білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
#LessonStudy #БілімСапасы #МұғалімДамуы