Lesson Study үдерісі: оқыту сапасын арттыру жолындағы қадамдар

❇️ Мектебімізде Lesson Study әдісі аясында зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл әдіс мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға және оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталған. 1 цикл қорытындысы бойынша консилиум өткізіліп, келесі цикл жалғасады.

✅ Lesson Study мақсаты:
    •    Оқушылар арасында пікірталас тудыру;
    •    Сыни ойлау дағдыларын дамыту;
    •    Топтық және жұптық жұмысты тиімді қолдану;
    •    АКТ-ны тиімді пайдалану;
    •    Оқу және өзін-өзі тану дағдыларын жетілдіру.

✅ Lesson Study аясында жүргізіліп жатқан бағыттар:
    1.    Бірінші бағыт:
Тақырыбы: «Білім сапасын арттыру және пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек берудегі басымдықтарды шешу жолдары» (9 “В” сыныбы).
    •    Зерттелетін пәндер: Ағылшын тілі, Қазақ тілі, Алгебра.
    •    Зерттеуші топ құрамы:
    •    Абишова Ж. А. – бейін жұмыс жөніндегі орынбасар.
    •    Алпамысова Б. К. – оқу ісі жөніндегі орынбасар.
    •    Ниязова А. А. – орыс тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші.
    •    Жалғасбаева А. – қазақ тілі мұғалімі, педагог-сарапшы.
    •    Джаманбаева З. – ағылшын тілі мұғалімі, педагог-модератор.

    2.    Екінші бағыт:
Тақырыбы: «Пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек берудегі басымдықтарды шешу жолдары» (7 “Г” және “В” сыныптары).
    •    Зерттелетін пәндер: Тарих, Алгебра.
    •    Зерттеуші топ құрамы:
    •    Қолбаева А. С. – мектеп директоры, педагог-зерттеуші.
    •    Қартбаева К. С. – оқу ісі жөніндегі орынбасар, педагог-сарапшы.
    •    Енбаева Г. – технология пәні мұғалімі, педагог-сарапшы.
    •    Мансурова Г. С. – орыс тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші.
    •    Берішбаева А. Б. – бастауыш пәні мұғалімі, педагог-сарапшы.

Lesson Study барысында алынған нәтижелер мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға және оқушылардың білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

#LessonStudy #БілімСапасы #МұғалімДамуы

Категория: